Саябақтарда демалушыларды шошытқан мас адамдар ұсталды

Сурет: pixabay
Ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 28 маусымда Павлодар қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, саябақта балалар алаңында мас адамның жүргенін айтып шағымданды.

Ер адам серуендеп жүрген адамдарға кедергі келтірді. Полицейлер мас адамды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді департаментте.

Біраз уақыттан кейін «102» нөміріне тағы бір қоңырау келіп түсті. Онда қала тұрғындары екі ер адамға шағымданған, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Қалалық саябақтардың бірінде олардың біреуі жерде жатқан, екіншісі орындықта отырған. Екеуі де қатты мас болған. Полиция қызметкерлері оларды да уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді. Сондай-ақ олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді департаментте.

Департаменттің хабарлауынша, жыл басынан бері 5220 адам осы баптың нормаларын бұзған.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды