Ақсуда жұмысшы қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға Ақсу электр станциясы қазандық-турбиналық цехының қазандық бөлімшесінде орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ERG Service» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 маусымда сағат 22.03-те аталмыш серіктестіктің қызметкері көз жұмған, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Қазандық және шаң дайындау цехтарын жөндеу жөніндегі слесарь механизмнің ішінде жұмыс істеп жатқан. Жазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. «ERG Service» ЖШС ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп жазылған хабарламада.

Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 30 маусымда 103 желісі бойынша Ақсу қаласы ЕЭК АҚ станциясы мекенжайы бойынша шақыру түскенін хабарлады.

Жедел жәрдем тоғыз минутта жетті. Зардап шеккен ер адам - 1985 жылы туған машинист-қараушы көз жұмды, - дейді басқармада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды