Қарағанды маңындағы 70 гектар жер күлге айналды

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды маңындағы орманды алқаптарды жайпаған 2 ірі өрт ошағы сөндірілді. Жалпы жанған жер аумағы 70 гектар, оның 40 гектары орман, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тілсіз жау 6 саяжай үйін және 7 саяжай аумағындағы 15 шаруашылық ғимаратын да шарпыған. Бұл аумақтардан 5 адам құтқарылды.

Тағы 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласынан алдырылған су төгу құрылғысы бар тікұшақ жұмыс істеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ, әскерилер, Төтенше жағдай қызметі, атқарушы билік пен полицияның 300-дей адамы және 68 техника жұмылдырылды.

Өрт кеше кешкілік толық сөндірілді. Артынша жауған нөсер жауыннан соң бықсыған аумақтар түбегейлі өшті.

Бүкіл жұмыстардың арқасында саяжай үйлердің көп зардап шекпеуін болдырмауға тырыстық. Барлау нәтижелері бойынша 6 саяжай жанды. Оның біреуі толықтай жанып кетті. Қалғанының тек шатырлары ғана зардап шекті. Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы
Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды