Қапшағай жағажайында демалыс күндері 40-қа жуық бала жоғалады

Сурет: pixabay
Алматы облысындағы Қапшағай жағажайында демалыс күндері 40-қа жуық бала жоғалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Бұған басты себеп - ата-аналардың жауапсыздығы»,-дейді құтқарушылар. Өңірде күн ысығалы бері, суға түсетіндер күрт көбейген.

Күн сайын 4-10 жас аралығындағы 5-6 баладан жоғалып жатады. Олар көп жағдайда табылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен, құтқарушылар қайғылы оқиғаны болдырмас үшін, ата-аналарға барынша сақ болып, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертіп отыр.

Еске салайық, 10 күн бұрын Қапшағай су қоймасында бір үйдің төрт бірдей адамы суға кеткен. Олардың арасында 2 бала бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды