Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды

Сурет: pixabay
Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Ауру Еуропадан оралған жас жігіттен анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауру жеңіл түрде өтуде және өмірге қауіп төндіріп тұрған жоқ. Науқастың Ресейде болған кездегі байланыс шеңбері шектеулі болды. Ол пәтерде жалғыз тұратын. Барлық байланыста болған адамдар дәрігердің бақылауында. Науқас инфекциялық профильді медициналық ұйымға оқшауланған. Ресейдің Роспотребнадзоры

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала мәліметтері бойынша, маймыл шешегі ауруын жұқтыру туралы деректер күн сайын артып келеді. Ең үлкен індеттің толқыны Нигерия мен Конгода тіркелген.

Бүгінгі таңда әлемнің 70 елінде 9 111 жағдай тіркелді, оның 9 071 жағдайы расталды. Жұқтырғандардың көбі Ұлыбританияда – 1552, Германияда – 1490, Испанияда – 2034, Францияда – 721, Португалияда – 473, АҚШ-та – 790 тіркелген.

Қазақстан
Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды