Елена Рыбакина Алматыға неліктен келе алмайтынын айтты

Сурет: ktf.kz
Теннистен 2022 жылғы Ұлыбритания ашық чемпионатының жеңімпазы Елена Рыбакина Қазақстанның бас теннис қаласы Алматыға сапарының тоқтатылуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина Алматыға 13 шілде күні келеді деп жоспарланған еді. Оның жанкүйерлермен және журналистермен кездесу бағдарламасы әзірленген. Бірақ соңғы сәтте денсаулық жағдайы Қазақстан чемпионының Алматыға ұшуына мүмкіндік бермеді.

Құрметті алматылықтар! Бүгін мен Уимблдондағы жеңісіміздің қуанышын бөлісу үшін сіздерге ұшып баруды жоспарлаған едім. Өкінішке қарай, кейінгі күндердегі физикалық шамадан тыс жұмыс және эмоционалды стресс менің әл-ауқатыма әсер етті. Оны қалпына келтіру үшін үзіліс жасауыма тура келеді. Мен сіздердің тамаша қалаңызға келесі жолы міндетті түрде келемін. Түсіністік пен қолдау көрсеткеніңізге рақмет!Елена Рыбакина
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды