Шри-Ланкада наразылар премьер-министрдің кеңсесіне басып кірді

Сурет: видеодан скриншот
Куәгерлер әлеуметтік желілерде Коломбодағы премьер-министрдің кеңсесіне бет алған наразылық білдірушілердің видеоларын жариялауда. Қауіпсіздік күштері адамдарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салайық, ұзаққа созылған экономикалық дағдарысқа байланысты Шри-Ланкадағы саяси белсенділер ел астанасы Коломбода үкіметке қарсы шеру өткізуге шақырған болатын.

9 шілдеде халық президент резиденциясының алдындағы баррикадаларды басып өтіп, қоршаудан асып, аумақты басып алды. Полиция шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Шри-Ланка 1948 жылы тәуелсіздік алғаннан бергі ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Коронавирустық пандемия валютаның негізгі көзі болып табылатын туризм секторына әсер етті. Нәтижесінде Шри-Ланка жеткілікті мөлшерде жанармай сатып ала алмайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды