Жетісу облысындағы республикалық маңызы бар тас жолда сел жүрді

Сурет: Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Жетісу облысының Ұйғыр ауданында 12 шілде күні толассыз жауған жаңбыр салдарынан республикалық маңызы бар «Ақсай-Шонжы» тас жолының 12-ші шақырымында сел жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолдың бұл бөлігінде өту бір жолақта жүзеге асырылып жатыр.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі лай-тас массасының жалпы көлемі 10 текше метрді құрағанын нақтылады.

Сондай-ақ, жолдың 18 және 19 шақырымында жол төсемінен асып, 18 шақырымда жартылай эрозияға ұшыраған.

Бұл аймақтарда бағаналар орнатылып, жол белгілері қойылды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

13 шілде күні таңертең барлық көлік түрлерінің қозғалысы қайта жанданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды