Еуропада қай елдер әуе рейстерін тоқтатып жатыр

Сурет: Zakon.kz
Әуе рейстерінің ұшуын жиі тоқтататын Еуропа елдері аталды. Оның ішінде әуе рейстерінің басым бөлігі биыл шілде айының бірінші жартысында тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Испанияның Mabrian компаниясының зерттеуіне сай ең көп тоқтатылған рейстері бар еуропалық елдердің алғашқы ондығына Германия, Ұлыбритания, Италия, Испания, Франция, Нидерланды, Греция, Австрия, Португалия және Дания кіреді.

1-14 шілде аралығындағы тұрақты рейстерді тоқтатудың ең жоғары көрсеткіші Германияда болды (11 482 рейс). Германия халықаралық бағыттарға тоқтатылған рейстер үлесі бойынша да Еуроодақта көш бастап тұр (6,12%).

Германиядан кейін Ұлыбритания (1060 рейс), Италия (637), Испания (423), Франция (377), Нидерланды (291), Греция (207), Австрия (188), Португалия (116) және Дания (104) бар.

Халықаралық рейстерді тоқтату көрсеткіші ең төмен елдердің үштігіне Испания (1,08%), Грекия (1,32%) және Португалия (1,25%) кіреді.

Туризм мамандары Еуропаға демалыс күндері ұшудан аулақ болуға кеңес берді. Дәл осы күндері адамдардың көпшілігі әуежайларда болады, сондықтан рейстердің кешігуі жиі болатын көрінеді.

Еуропаның лық толы әуежайларынан ұшуға ыңғайлы күндер – дүйсенбі және сейсенбі.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды