Канада Ресейге жаңа санкциялар салды

Сурет: pixabay
Бұл шаралар күшіне енгеннен кейін канадалық компанияларға мақсатты салалармен келісім-шарт жасау үшін 60 күн беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Канада билігі Ресей экономикасының мұнай-газ, химия және өнеркәсіп салаларына жаңа санкциялар салды, деп жазды ТАСС.

2022 жылдың 14 шілдесінде Канада Ресейдің мұнай-газ, химия және өңдеу өнеркәсібі салаларына екі өндірістік қызмет көрсетуге тыйым салатын Арнайы экономикалық шаралар (Ресей) ережелеріне одан әрі түзету енгізді, – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Тізімге осы салалардан сегіз жаңа сала қосылғаны көрсетілген.

Құжатта канадалық азаматтар мен компанияларға ресейлік тарапқа металл бұйымдары, автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, компьютерлік, электронды және оптикалық бұйымдар, электр жабдықтары, жерүсті көлігі және құбырларға қатысты қызмет көрсетуге тыйым салынған.

Бұл санкциялар туралы өткен демалыс күндері Канаданың сыртқы істер министрі Мелани Жоли мәлімдеді. Ол санкция күшіне енгеннен кейін канадалық компанияларға мақсатты салалармен келісім-шарттарды аяқтауға 60 күн берілетінін екертті.

Канада
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды