Балаларды құтқару - тағы бір азамат пәтер алды

Сурет: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов суға батып бара жатқан үш ағайындыны аман алып қалған Андрей Карандашовқа 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы уақытқа дейін Андрей Карандашов отбасымен жалдамалы үйде тұрған. Оның екі баласы бар.

Оқиға 2022 жылдың 15 шілдесінде Приреченск ауылында болған. Жеті жасар екі егіз бен олардың тоғыз жасар ағасы Ертіске батып кете жаздады.

Бұл жай ғана еркектік емес, бәріміз үшін баға жетпес, әсіресе туған-туыстарыңыз бен достарыңыз, сіз құтқарған балалар үшін маңызды ерлік. Ауданымызда сіздей азаматтар бар екенін мақтан тұтамын. Еліміздің лайықты азаматын тәрбиелеп өсірген ата-анаңызға мың алғыс. Баршаңызға облыс тұрғындары атынан алғыс айтамын. Әбілқайыр Сқақов

Сурет: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, аймақ басшысы Андрей Қарадашовты «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Еске салайық, мамыр айында Нұр-Сұлтанда Сағи Жылқышиев пен Сәбит Шонтақбаев сегізінші қабаттың балконының шетінде асылып қалған қызды аман алып қалған болатын. Оларға да пәтер берілді.

Шілдеде елордада тағы бір батыр өз өмірін қатерге тігіп, баланы терезеден құлап қалудан аман алып қалды. 17 жастағы Есдәулет Дәуітбеков те баланы құтқарғаны үшін пәтер алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды