Алматы полициясы ШҚО-дан келген ұрыларды ұстады

Сурет: polisia.kz
Алматы полициясы ШҚО-дан келген ұрыларды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, “қылмыстық дуэт” шаһардың төменгі бөлігінде әрекет етіп жүрген.

Қазір олардың Алматының Жетісу және Түрксіб аудандарындағы үш пәтер тонауына қатысы бар екендігі анықталды.

Олар 40 жастағы М. есімді азамат және 38 жастағы К. есімді азамат. Бұған дейін екі күдікті де мүліктік қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп келген. Оларды полицияның арнайы жасағының көмегімен криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады. Ратушного көшесіндегі үйлердің бірінде орналасқан бөтен біреудің пәтеріне қаскөйлер алдыңғы есіктің құлпына кілт таңдау арқылы кірген. Ол жерден ұрылар пәтер иесіне ірі материалдық шығын келтіретін мүлікті алып кетпек болған. Қазір ұсталғандардың екеуі де қамауда, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдіктілердің жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына және ұрланған мүліктің сатылған орнын анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды