ӘЧ-2022: 5000 метр қашықтыққа жүгіруде Қазақстанға медаль бұйырмады

Сурет: pixabay
Американың Юджин қаласында 5000 метр қашықтыққа жүгіруден әйелдер арасындағы жарыстың ақтық сыны да өз мәресіне келіп жетті. Бірінші орын эфиопиялық спортшыға бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юджинде (АҚШ) әйелдер арасында 5000 метр қашықтыққа жүгіруден өткен жарыс өз мәресіне жетті.

Қазақстан өкілі Каролин Чепкоеч Кипкируи жетінші орынды місе тұтты. Ал басты жүлде эфиопиялық Гудаф Тцегайға бұйырды.

Біліктілік сынағында Кипкируи маусымның ең жақсы нәтижесін көрсетіп, екінші орыннан көрінген еді.

Бұған дейін тағы бір спортшымыз Нора Джеруто алтын медальді жеңіп алды. Ол 3000 метр қашықтыққа жүгіруден үздік нәтиже көрсетті.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды