АҚШ-та екі нәрестеден маймыл шешегі анықталды

Сурет: primeminister.kz
АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырған 3 мыңға жуық адам тіркелгеннен кейін тағы екі баланың вирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының директоры Рошель Уэленский өткен аптада Калифорния мен Вашингтонда екі нәрестеден маймыл шешегінің белгілері анықталғанын айтты.

Қазіргі уақытта балалардың денсаулығы қанағаттанарлық, оларға вирусқа қарсы ем қабылдануда, деп жазады ҚазАқпарат Breitbart басылымына сілтеме жасап.

Патогендер және патология бөлімінің ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы директорының орынбасары, доктор Дженнифер Маккуистон АҚШ-тағы маймыл шешегінің 2891 жағдайының 99 пайызы ЛГБТ қауымдастығының «еркектерімен» байланысты, қалған пайызы әйелдер мен трансгендерлік еркектерге тиесілі екенін мәлім етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды