Қазығұртта мал ұрлап, қасапшыларға өткізген екі ер адам ұсталды

Сурет: unsplash
Қазығұрт АПБ-ға бірнеше жәбірленушілер арызданған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, белгісіз біреулер олардың қора-жайларынан, жайылымдардан 10 бас ірі қара малы мен бес бас жылқысын қолды еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеліп, полицейлер шұғыл іздестіру іс-шараларына кірісті. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 10 млн теңгеге жуық екені анықталды.

Орын алған қылмыстың ауырлығын ескерген Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Арнайы топ мал ұрлаушыларды ұстау мен қылмысты ашуға бағыт алды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, көрген-білген ауылдықтардан сұрастырды.

Мал тасымалдайтын автокөлік және үй малдарын сатып алатын орындар мұқият тексерілді. Нәтижесінде, жедел уәкілдер екі ер азаматтың ізіне түсті. Оларды жергілікті мекенжайынан ұстады.

Белгілі болғандай, күдікті екеу өрістен қайтып келе жатқан, жайылымда жүрген малдарды ұрлап, өз арам ойларын жүзеге асырған.

Бөтеннің малын жасырып отырған. Содан үй малдарын ет соятын қасапшыларға сатып жіберген.

Қазіргі таңда күдікті екеу қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды