Қостанай облысында зираттың қоршауын тонағандар ұсталды

Сурет: pixabay
Қостанай облысында моланың қоршауын тонағандар ұсталды. Оқиға Қостанай ауданына қарасты Октябрь ауылында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зиратқа көлікпен кіріп, металл бұйымдарды бұзып алып жатқандарды ауыл тұрғындары байқап полицияға хабарлапты, деп жазады qazaqstan.tv.

Дереу жеткен жедел топ өкілдері екі күдіктіні ұстады.

Олар 17 темір шарбақты қиратып, жүк көліктеріне тиеп қойыпты.

Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды