Ұлытау облысында індеттен 70-тен астам сиыр арам өлді

Сурет: primeminister.kz
Ұлытау облысының Мибұлақ ауылдық округінде тараған індеттен 70-тен астам сиыр арам өлді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі күні оларға ринотрахит және тейлериоз деген екі бірдей диагноз қойылып отыр.

Қазіргі кезде ауыл әкімінің шешімімен шектеу шаралары енгізілген. Індет тараған жерде Қарағанды облысының эпизотияға қарсы жасақтары дизинфекциялық шаралар жүргізіп жатыр, деп жазады «Хабар 24 ».

Бүгінгі күні малға вакцина салынуда, араға 15 күн салып тағы ревакцинация жасалады. Осылайша 700-ден астам малға екпе егілмек. Атап өткен жөн, қырылған малдың басым бөлігі бір шаруа қожалығына тиесілі.

«Десе де тағы 3 шаруа қожалығынан бірлі-екілі шығын бар», - дейді жергілікті мамандар.

Қазір республикалық эпизодотрядкеледі. Осы ауру 30 күн. Егер мал өлген жағдайда, құдай оған жеткізбесін, созамыз. Күллі іс-шараларды атқарады. Дезинфекция, егеді, емдейд. Эпизодотрядқа қандай іс-шаралар бекітед,сол жерде атқарады. Барлығы мемлекет есебінен. Төлеген Рысбеков, ҚР АШМ Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды