Мұхаммед Әлидің белдігі алты миллион долларға сатылды

Сурет: Facebook/Muhammad Ali
Аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің чемпиондық белдігі бәссаудада 6 миллион долларға бағаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Хабар 24» арнасының мәліметінше марқұм оны 1974 жылы WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте жеңіп алған еді.

Ол кезде Мұхаммед Әли Джордж Форманмен бокстасқан болатын.

Бұдан бөлек аукционға Әлидің Джо Фрейзермен кездесуіне киіп шыққан шапаны да қойылды.

Айта кетейік, Мұхаммед Әли ауыр салмақта өнер көрсетіп, бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған америкалық боксшы.

Ол 2016 жылы 75 жасында ауырып, қайтыс болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды