Миссури штатында нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты

Сурет: pixabay
Толассыз жауған нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тың Миссури штатында ондаған үй мен жүздеген көлік су астында қалды.

Кемінде төрт штатаралық авто жолды су шайып, көлік қозғалысы қиындады.

Әуежайдың ұшу жолағы да топан суға толып, бірнеше рейс кейінге шегерілген. Өңірдің ұлттық ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, бір күнде 20 сантиметр жауын түсіпті.

«Бұл – соңғы бір ғасырда болмаған көрсеткіш», – дейді. Аймақта дауылды ескерту жарияланды.
Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды