Қыркүйекте университет оқытушыларының жалақысы өседі

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылға дейін шәкіртақыны, оқытушылардың жалақысын, студенттік гранттар санын тұрақты арттыру және ғылымды қаржыландыруды ұлғайту жоспарланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі ретіндегі қызметін қорытындылаған Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел президентінің тапсырмасы арқасында көтерілген грант құны университеттеріміздегі оқытушылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Сәуір айында жоғары оқу орындарының ректорларына қосымша тапсырма бердік. Осы тапсырмаға сәйкес 2022 жылдың қыркүйегінен бастап университеттеріміздегі оқытушылардың жалақысы тағы да көтерілуі керек, ол үшін қаражат бар, – деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, жоғары оқу орнына жаңадан келген оқытушыға 1 ставка үшін кемінде 200 мың теңге бекітілді. Ал профессордың жалақысының минималды деңгейі 350-400 мың теңге болды. Ал педагогикалық жүктеме деңгейі оқу жылына 680 сағаттан аспайтындай деңгейде бекітілді.

Бұған қоса ол студенттер мен докторанттардың шәкіртақысы өскенін де тілге тиек етті. Яғни докторанттарға берілетін стипендия 3 жыл ішінде 82 мыңнан 200 мыңға жуық соммаға дейін өсті.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды