Нью-Йоркте маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

Сурет: pixabay
Бұл туралы штат губернаторы Кэти Хокул мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ-та маймыл шешегінің әрбір төртінші жағдайы Нью-Йорк штатында тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нью-Йорк штатында маймыл шешегінің өршуі жайлы соңғы келіп түскен деректер талдауынан кейін дабыл қағып, бұл індетке қарсы тұруда күш-жігерімізді біріктіру үшін мен төтенше жағдай режимін жариялаймын, деп хабарлайды RT губернатор мәлімдемесін алға тартып.

Ол тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы команда құрылғанын атап өтті.

Менің тобым мен өзім де көбірек вакцина жеткізуде, тестілеу аясын кеңейтуде және қоғамға індет өршіген кезеңде өзін қалай қорғауға болатындығы туралы ақпараттарды бөлісуде тәулік бойына жұмыс істеп жатырмыз, – деп атап өтті Хокул.
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды