Римде ШҚО балуаны еркін күрестен Әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Сурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының тумасы Дарын Әскербек 55 келі салмақта америкалық Джастин Патрик Форреспен белдесіп, Италияда Әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Дарын Әскербек Римде (Италия) еркін күрестен өтіп жатқан U17 Әлем чемпионатының финалына өткен болатын.

Әлем біріншілігінде ол 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Жартылай финалда Әскербек неміс балуаны Яннис Ребхольцтан басым түсті. Сондай-ақ ол Хусанбой Усмановпен (Өзбекстан) және Арен Серобянмен (Армения) қызыл кілемде күш сынасты.

Финалда ол АҚШ балуаны Джексон Патрик Форрестпен кездесіп, оны жеңіп кетті.

Айта кетсек, Қазақстан еркін күрестен соңғы алтын медальды 2013 жылы иеленген болатын.

Сурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды