Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады

Сурет: Zakon.kz
Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады. Оқиға №158/7 түзеу мекемесінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

qazaqstan.tv таратқан ақпаратқа сай, бұл оқиғаны Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.

Сотталушының шабуылы таңғы сағат 8:30 шамасында тексеріс кезінде орын алған. Ол қырынуға арналған ұстараның алмасымен күзетшілердің бірінің кеудесін тіліп жіберген.

Жарақат алған әділет лейтенанты Мекембай жасақ командирі болған. Сотталушының әрекетін тоқтатпақ болған тағы екі қызметкер де жарақат алыпты.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Қазір 3 қызметкердің де жағдайы бірқалыпты. Ал, шабуыл жасаған жазасын өтеуші қатаң бақылау мен тәртіп изоляторына оқшауландырылған.

Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды