Ақтөбе облысында жасөспірім мотоциклші жол апатынан қаза тапты

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған азамат мемлекеттік нөмірі жоқ LT-200 мотоциклімен түнде Хромтау ауданы, Тасөткел ауылы бағытында дала жолымен кетіп бара жатқанда, тізгінге ие бола алмай, мотоцикл оң жағына аударылып кеткен.

Оқиға салдарынан ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Айта кетерлігі, жас баланың жүргізуші куәлігі болмаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер ата-анасымен байланысқа шықты. Кәмелетке толмаған балаға көлік пен мотоцикл жүргізуге рұқсат беру арқылы олар баланың өзіне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды