Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні өтті

Сурет: Алматы әкімдігі
Бүгін, 22 тамызда мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың өмірден өткеніне 29 жыл толып отыр. Алматы жұрты саясаткерді еске алып, ескерткішіне гүл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске алу күнінде Алматының орталығында орналасқан оның бюстіне гүл қою рәсімі өтті.

Сурет: Алматы әкімдігі

Іс-шараға мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туыстары мен жақындары, Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қоғам өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Сурет: Алматы әкімдігі

Музей-үйде жаңартылған экспозицияар бойынша экскурсия өтті. Мамандар көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдығын мерекелеу аясында мұражайды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Сурет: Алматы әкімдігі

Қонаевтың жетекшілігімен Алматыда көптеген үздік сәулет туындылары бой көтерді. Бүгінде олардың дені қаланың бойтұмарына айналды. Атап айтсақ, «Қазақстан» қонақ үйі, Достық үйі, «Медеу» мұз айдыны, Әуезов және Лермонтов атындағы театрлар.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды