Гаитидегі шерулер кезінде наразылық білдірушілердің бірі қайтыс болды

Сурет: pixabay
Мыңдаған адам Гаити астанасы мен тағы бірнеше қаланың көшелеріне шығып, күнкөрістің қымбаттауына және биліктің әрекетсіздігіне наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Порт-о-Пренс маңындағы аудандардың бірінде белгісіз біреулер оқ жаудырып, салдарынан бір наразылық білдіруші қаза тауып, бірнеше адам жараланған.

Елде жоғары инфляция мен ұлттық валютаның құнсыздануы көшедегі бандылар арасындағы қақтығыстарға әкелді. Бірнеше жүздеген адамның қайтыс болғаны белгілі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауынша, 4,9 миллион гаитилік, яғни халықтың 40 пайыздан астамы қазіргі уақытта гуманитарлық қолдауға мұқтаж. Ағымдағы жылы бұл елге 373 миллион доллар көлемінде халықаралық гуманитарлық көмек көрсету жоспары қазіргі уақытта небәрі 14% ғана қаржыландырылған.

Республикадағы жағдайдың 2021 жылдың 7 шілдесіне қараған түні президент Джовенел Мойзенің өлтірілуінен, сондай-ақ сол жылдың тамызында болған жер сілкінісінен кейін нашарлағаны атап өтілді. Табиғат апатынан 2,2 мыңнан астам адам зардап шекті.

Армения

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды