Маңғыстаудағы теміржол вокзалында ер адам сөмкесінде бомба барын хабарлады

Сурет: polisia.kz
Маңғыстау вокзалының полиция бөлмесіне белгісіз азамат келіп, сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін айтқан. Атырау облысының 49 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теміржол вокзалының ғимараты қоршауға алынып, 37 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Аумақты тексеру кезінде жарылғыш зат салынған сөмкелер табылмады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды