Талдықорғанда балалар мектепке аяқтарына пакет киіп баруға мәжбүр

Сурет: Zakon.kz
Қазнет қолданушылары мектепке аяқтарына пакет киіп, шаң басқан жолдың бойында кетіп бара жатқан балалардың видеосын белсенді таратып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодағы мәліметке сүйенсек, Ащыбұлақ саяжай қоғамынан Талдықорғандағы мектепке юалалар дәл осылай аяқтарына пакет киіп баруға мәжбүр.

Балаларымыз күнде мектепке осылай кетеді. Біздің көшелер қашан қалыпты жолға айналады? – дейді видеоның авторы.

Пікір білдірушілер еліміздің әртүрлі аймақтарында ұқсас жағдайлардың қалыптасып жатқанын өкінішпен атап өтеді:

Өз кезегінде Талдықорған қаласының әкімдігі жарияланған видеоға түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта «Ашыбұлақ» саяжай қоғамдастығына орталықтандырылған су желілері тартылуда. Жұмыстар 30 қыркүйекке дейін аяқталады деп күтілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды