Германия энергетикалық дағдарыс салдарымен күреске 65 млрд еуро бөлмек

Сурет: pixabay
Мұны канцлер Олаф Шольц мәлімдеді. Қаражат электр қуатының күрт қымбаттауы кезінде тұрғындарға қолдау көрсетуге жұмсалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, студенттер 200 еуро, зейнеткерлер 300 еуро көлемінде бір реттік төлем алады. Келесі жылдан бастап балаларға берілетін жәрдемақы көлемі де ұлғаймақ.

Бұдан бөлек электр қуатын көп тұтынатын 9 мыңдай кәсіпорынға салық төлеуде жеңілдіктер жасалады, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, Украинадағы қарулы қақтығыс басталғаннан кейін Еуропада электр энергиясы күрт қымбаттап кетті. Ресей бұл елдерге тасымалдайтын газ көлемін айтарлықтай азайтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды