Ең көп этнос өкілінен құралған қазақстандық оркестр Гиннесс рекордтар кітабына енді

Сурет: pxhere
Елордада рекорд тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында бір мезетте бірнеше ұлт өкілі музыкалық композиция орындады.

Бұл оқиға ең көп этнос өкілі бірге өнер көрсеткен шара ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Шараға әлемдік кітаптың ресми төрешісі Джак Брокбэнк арнайы келіп қатысты.

Ең көп ұлтты музыкалық топ әлемдік шығармалармен қатар, Абай әндерін де орындады. Әлемдік ауқымдағы музыкалық фестиваль – дін лидерлері съезі қарсаңында ұйымдастырылған шаралардың бірі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды