Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Полиция қызметкерлері тұрақты есірткі тасымалдаушысын ұстады, одан бірнеше мекенжайдан сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша 1 келіден астам синтетикалық а-PVP есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
37 жастағы И. есімді күдікті азамат үш мекенжайға бетбелгі қою барысында ұсталды. Изолентаға оралған есірткі заттары бірден тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктінің Толстой көшесіндегі жалдамалы пәтері де тексерілді. Нәтижесінде ас үйдегі сөреден жасыл және ақ түсті ұнтақты заты бар 40 байлам анықталды. Сондай-ақ, залдан қорап табылды, оның ішінде ұнтақты заты бар 331 бума болды. Самалдықтан қызыл, көк, ақ және жасыл түсті түйіршіктер мен ішінде ұнтақ түріндегі заты бар 5 пластик ыдыс табылды. Сараптама байламдар мен ыдыстарға синтетикалық есірткі оралғанын анықтады, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Ұсталған азаматтың әрекеті тергеумен ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сараланды. Ол УҰИ-ға қамауға алынды, деп жазады Polisia.kz.

Алматыға шөпті жеткізудің нақты арнасы белгілі болады. Қазір күдікті синтетикалық есірткіні интернет арқылы алғанын алға тартып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды