Алматы полициясы бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының А. есімді тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті өзінің таныстарының арасында көлік құралын басқару құқығын алуға көмектесетіндігі туралы ақпарат таратып, өз қызметін 130 мың теңгеге бағалаған. Шын мәнінде, тәжірибе көрсеткендей, А. есімді азаматтың мүлде мұндай мүмкіндігі болмаған, ол адамдардың сенгіштігіне сенді. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге күдіктіге қатысты төрт адам арызданған. Аталған деректер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, бір өндіріске біріктірілген. Айта кетейін, бұған дейін А. есімді азамат алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, – дейді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Сондай-ақ, спикер бұл қылмыстық іс-әрекеттің тұрақты сериялық сипаты болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған байланысты ұсталған азаматтың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды