Қостанайда сот шешімін орындаудан жалтарып, жасырынған шетелдік ұсталды

Сурет: polisia.kz
Сот шешімін орындаудан жасырынған шетелдік Қостанай қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары кешендерінің арқасында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты ҚР шегінен одан әрі мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін 30 тәулік мерзімге бас бостандығын алдын ала шектеу қолданылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Өзбекстан азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚР шегінен шығарып жіберу түрінде жазаға тартылған еді. Шешімді өз еркімен орындау үшін оған 10 күн берілді.

Алайда осы уақыт ішінде Өзбекстан азаматы ҚР аумағын өз бетінше тастап кетпеді және бір жылдан астам уақыт сот шешімін орындаудан жалтарып, жасырынып келген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды