Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО басшысы прокурорлық тексеруден кейін қызметінен босатылды

Сурет: pixabay
Ақтөбе қаласында мамандандырылған ХҚКО-да медициналық тексеру құнын негізсіз жоғарылату анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Сарыағаш қаласынан келген жауапкершілігі шектеулі серіктестік наркологта қаралу құнын 5 000 теңге, басқа мамандарда 8000 тг мөлшерінде белгілеп, медициналық тексеру жүргізген.

Алайда, серіктестіктің медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы және санитарлық қорытындысы болмаған, ал наркологта қаралу құны 1 015 теңге мөлшеріндегі тарифтен аспауы тиіс (Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген).

Прокуратура шараларымен серіктестік Лицензиялау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, рұқсат құжаттарынсыз медициналық қызмет көрсету шарты бұзылды, ал «ХҚКО» басшысы қызметінен босатылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды