Қостанай облысында тұрғыннан төрт келі гашиш тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Әулиекөл ауданында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері үйінде аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, 11 қыркүйекте “Қарасора – 2022” операциясы аясында жедел уәкілдер Аманқарағай ауылында 52 жастағы ер адамның үйінен есірткі тәркіледі.

Тексеру барысында полицейлер пештен екі полиэтилен пакет тапты. Жасырын сөмкелерде жасыл, ұнтақ тәріздес, ерекше иісі бар зат сақталған. Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат жалпы салмағы төрт килограмға жуық гашиш заты болып шықты. Бұл салмақ аса ірі мөлшерге жатады. Ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды. Жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан 176 килограмнан астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді. Оның ішінде 555 грамы героин, 18 келі гашиш, сондай-ақ 800 грамм синтетикалық есірткі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды