Алматыда жатақханаға орналаса алмай жүрген студенттер үшін арнайы штаб жұмыс істеп тұр

Сурет: pixabay
Бірінші курстың, сондай-ақ жалдауға пәтер таба алмай, қиын жағдайға тап болған студенттер штабқа хабарласа алады, деп жазады Zakon.kz.

Орталық жанынан құрылған жедел желіге соңғы үш тәулікте 90-ға жуық қоңырау түскен. Оларға уақытша тұрақтауға бірнеше тәулікке бөлме беріледі. Қазірдің өзінде 17 жас басқа жатақханаларға орналастырылған.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше келер жылдан бастап көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға шәкіртақыға қосымша 50-60 мың теңге қаражат қарастырылады.

Бұл қаржылай көмек студенттердің пәтер немесе жатақхана жалдап тұруына беріледі.

Алматыда 35 ЖОО орналасқан. 200 мыңға жуық студент оқып жатыр. Оның 70%-ы басқа өңірлерден келген балалар. Бір-екі күннің ішінде біздің штабымыз басқа ЖОО-ның жатақханаларымен немесе жекеменшік жатақханалармен келісіп, балаларды тұрақты орналастырамыз. Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды