Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Өзбекстандағы елші болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми хабарламасында айтылған.

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абибуллаев Алтай Ибрагимұлы Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып бір мезгілде тағайындалды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды