Тергеу изоляторларында сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр

Сурет: gov.kz
Тергеу изоляторларында сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Қазақстан Республикасының тергеу изоляторларында дауыстарды қабылдау қарқынды жүріп жатыр.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” ҚР Заңына сәйкес үкімі заңды күшіне енбеген тергеу изоляторларында ұсталатын ҚР-ның кәмелет жасына толған азаматтарының жалпыға бірдей белсенді сайлауға қатысу құқығы бар.

Бес мыңнан астам тергеу-қамауындағы адамдардың кезектен тыс президенттік сайлауға дауыс беруге қатысу мүмкіндігі бар.

Елімізде барлығы 16 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған, олардың әрқайсысы мекеме орналасқан жердегі сайлау округіне кіреді.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды