РФ президенті Тоқаевты Қазақстандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Сіз отандастырыңыздың зор сеніміне ие болдыңыз. Бұл сенім мандаты мемлекетті дамытуға бағытталған Сіздің бастамаларыңызды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достыққа, тату көршілік қарым-қатынасқа және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастық табысты дамып келеді. Ынтымақтастығымызды одан әрі бірге ілгерілете береміз,– деп жазылған жеделхатта.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттері сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды