WhatsApp чаттарда сауалнама жасау мүмкіндігін енгізді

Сурет: pixabay
Қараша айында iOS және Android жүйелеріндегі WhatsApp-тың барлық пайдаланушыcы қолданбаны жаңарту арқылы сауалнамалар жасай алады. Жаңа мүмкіндік қосымшаның компьютерлік нұсқасы үшін де қолжетімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

WABetaInfo әзірлеушілері жаңалық жариялады. Енді WhatsApp-та жеке және топтық чаттарда сауалнамалар жасауға болады. Сонымен сауалнамаға 12 жауап нұсқасын қосуға мүмкіндік бар. Чат мүшелері сауалнаманы көріп, дауыс бере алады.

"Біреу сіздің сауалнамаңызға опцияны таңдау арқылы жауап бергенде, сауалнама мәліметтерін ашу арқылы ең көп дауыс жинаған жауапты көре аласыз", - делінген хабарламада.

Жаңашылдық WhatsApp Desktop бета 2.2246.1 және тұрақты 2.2244.6 нұсқаларында қолжетімді. Функцияны іске асыру бірнеше күнге созылуы мүмкін, дейді мамандар.

24 қарашада WhatsApp желісінде Қазақстандағы 3,2 миллион қолданушының дерегі желіге тарап кеткені белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды