Батыс Қазақстан облысындағы көлік жолдарының 70% ескірген

Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысындағы көлік жолдарының жетпіс пайызы ескірген. Бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш. Күре жолды күтіп ұстау үшін жыл сайын 25 млрд теңге қажет.

Ал дотациялық өңірде бұл қаражатты бөлуге жергілікті бюджеттің шамасы жетпейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені қолға алып, тез арада реттеуді тапсырған болатын. Қазір бұл жолдарды жөндеу үшін жоба дайындалып, мәжілістің қарауына берілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Егер қаржы қаралған жағдайда 2025 жылға дейін бұл облыстағы жолдың сапасы жақсарады. Бұл жайында Автомобиль жолдары комитетінің мамандары мәлімдеді. Сондай-ақ мұнда қаражаттан бөлек құрылыс материалдары жетіспейді. Қажетті материалдар жүздеген шақырымнан темір жол арқылы тасымалданады. Соңғы уақытта жол жөндеуде сапасыз құрылыс материалдарын пайдалану деректері көбейген. Бұған себеп техникалық қадағалау мекелерінің көз жұма қарауы.

81 техникалық қадағалау мекемелеріне айыппұл салынды. 56 аттестат тоқтатылды. 72 лицензия тоқтатылды. Оның төртеуі жаңағы мердігердің лицензиясы. 111 млн теңгеге айыппұл салынды. Сол қадағалайтын мекемелерге. Ол жұмыс әрі қарай жалғасатын болады. Замир Сағынов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды