Алтай Көлгінов өзінің отставкасы жайлы сыбысқа қатысты пікір білдірді

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желіде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалатыны туралы алып-қашпа сөз пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов аталған қауесетке түсініктеме бере алмайтынын айтты.

"Барлығын уақыт көрсетеді. Өздеріңіз білесіздер, Конституция бойынша, заң бойынша Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап барлық әкімдер өз өкілеттіктерін өткізіп береді. Одан кейінгісін Мемлекет басшысы шешеді, көресіздер ғой. Уақыт төреші. Біз жұмысқа әрдайым дайынбыз. Ел мүддесі үшін, қоғам үшін қызмет етуге. Мемлекеттік қызметтің де бар мәнісі осында". Алтай Көлгінов

Бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалғаны туралы қауесетті жоққа шығарған болатын.

Кульгинов Алтай
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды