Ким Чен Ын көпшілік алдына екінші рет қызын ертіп шықты

Сурет: Yonhap
КХДР басшысы қараша айында құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшыруға қатысқан ресми өкілдермен фотоға түсуге қызымен бірге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасына қызын ертіп алған Солтүстік Кореяның көшбасшысы әскери қызметшілермен, сондай-ақ жақында ұшырылған Хвасон-17 құрлықаралық баллистикалық зымыраны жобасымен айналысқан ғалымдар мен техник мамандармен кездесті.

Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігінің мәліметі бойынша, Ким Чен Ынның қызының есімі Чжу Э. Суретте ол жағалы ұзын қара пальто киген. Іс-шара кезінде Чжу Э әкесінің қолынан ұстап тұрған.

Өткен аптада Ким Чен Ын "Хвасон-17" типті құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшыруға бұйрық берді. Сынақ алаңына Солтүстік Корея көшбасшысы әйелі мен қызын ертіп келген еді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды