Тоқаев: Біз ресейлік инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін жасаймыз

Сурет: edu.gov.ru
28 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ел экономикасына мүмкіндігінше ресейлік инвестиция тартатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумының ашылуында айтты.

"Біз ресейлік инвестициялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды экономикамызға барынша көп тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл елдеріміз арасында тиімді экономикалық ынтымақтастық орнағанының тағы бір дәлелі". Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы өткен жылы Ресейден Қазақстанға тікелей инвестиция ағыны пандемияға дейінгі деңгейден үштен бір есе асып түсіп, 1,9 миллиард доллардан асқанын атап өтті.

Бұл ретте Қазақстаннан Ресейге құйылған инвестиция да 34 пайызға өсіп, 535 миллион долларға жетті.

27 қарашада Тоқаевтың Ресейге ресми сапармен келгені хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды