Блогер стратосферадан жерге екі жұмыртқа лақтырды

Сурет: видеодан скриншот
NASA-ның бұрынғы инженері Марк Роберт стратосферадан екі тауық жұмыртқасын лақтырды. Қашықтығы шамамен 30 шақырым биіктікті құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 қарашада жарияланған «Ғарыштан түскен жұмыртқалар» видеосы осы уақыт аралығында 22 миллион қаралым жинаған.

Жобаны дайындауға үш жыл уақыт кетті. Стратосферадан тасталған жұмыртқа мен қосалқы жұмыртқа толығымен зақымданбай жерге қонды. Орнату құралы 30 км биіктіктен төмен жіберген. Экспериментке арналған парашют марсоходқа қолданылған материалдан жасалған, деп хабарлайды Nerdist.

NASA-ның бұрынғы инженері Марк Роберт және оның командасы жұмыртқаны ғарышқа алып, оны стратосферадан Жерге түсіре алатын қондырғыны үнемі жобалап, қайта құрастырып келген. Оларға реактивті қозғалыс зертханасының басқа түлектері көмектесті. Жылдар бойы жасалған сынақтар мен сәтсіз ұшулар жобаның нәтижелі шығуына қадам болды.

Роберт әлемдегі ең үлкен матрацты жасап шыққаны мен әлемдегі ең жоғары жұмыртқа құлауы туралы әзілдейді. Ол қазірдің өзінде екі Гиннес рекордтар кітабына енген. Біреуі ең биік піл тіс пастасы субұрқағы үшін, екіншісі бір сағатта орнатылып, құлаған домино тастары үшін.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды