8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары ұсынған мәліметке сүйенсек, еліміздің басым бөлігіне бұрынғыша ауқымды антициклон әсер ететіндіктен, ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстігінде-көктайғақ, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады."Қазгидромет" РМК 

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қалың қар жауады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауыспалы жел соғады, күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде             -28-30°С,  күндіз -18-20°С  болады.

Алматы қаласы:  көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында қар жауады. Желдің күші  0-5 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -8-10°С, күндіз -3-5°С болады.

Шымкент қаласы:  көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с болатын жел соғады. Ауаның температурасы  түнде -9-11°С, күндіз -1-3°С болады.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды