Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады

Сурет: Instagram/ttfrk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта үстел теннисінен әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті құттықтап жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер!" – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Тунисте үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, ол Қазақстан үшін осы уақытқа дейінгі ең табысты жарыс ретінде тарихта қалады. 15 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев аралас санатта алтынды жеңіп алған соң, жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды