Екібастұзда көпқабатты үйдегі өрт кезінде үш бала эвакуацияланды

Сурет: Zakon.kz
Екібастұздағы көпқабатты үйдің бірінен өрт шығып, үш бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 15 адам өз бетінше сыртқа шығып үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 12 желтоқсан күні, сағат 17:04-те Сәтбаев көшесі, 8/1 мекенжайындағы алты қабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісінде е өрт шыққан.

"Қоймаға айналған қоқыс жинағыштан шыққан өрттен тұрмыстық заттар жанған. Жалын жалпы аумағы 10 шаршы метр жерді шарпыды", - делінген хабарламада. 

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы бес адамды құтқарды. Оның үшеуі бала. Оқиға орнына 3 арнайы техника мен 11 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Қазір өрттің себебі мен салдары анықталып жатыр.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды