Маңғыстау облысында ер адам үш баласымен қоса асылып өлді

Сурет: polisia.kz
11 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Мұнайлы ауданында асфиксия белгілері бар төрт мәйіт табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, 38 жастағы ер адам, сегіз жас, төрт жас және он айлық үш бала асылып өлгені анықталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оның әйеліне жолданған хаты табылғанын айтты, онда ер адам о дүниеге балаларын да өзімен бірге ала кетуге бел буғанын жазған.

"Бұл жағдайға отбасындағы жанжал себеп болған, ол әйелімен ажырасқалы жатқан. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орны болған", – делінген Полиция департаменті таратқан ақпартта.

Полицияға бұл факті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.





Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды