Алматы облысының тауында қар көшкіні жүріп, жолды жауып тастады

Сурет: Instagram/kazselezashita
Алматы облысында 2022 жылғы 13 желтоқсанда сағат 9:33-те Түрген – Батан – Асы обсерваториясы бағытындағы облыстық автожолының 22,3 шақырымында өздігінен қар көшкіні жүріп өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі қар көшкініне тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы себеп болғанын атап өтті.

"Қар көшкінінің жалпы көлемі (көшкін конусы) 99 текше метр, ұзындығы - 22 м, ені - 6 м, биіктігі - 4,5 м. Қар көшкіні облыстық маңызы бар  Түрген – Батан – Асы обсерваториясы жолын жауып қалды " – делінген хабарламада. 

Оқиға орнына "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен Еңбекшіқазақ ауданының құтқарушылары аттанды.

Көшкіннен зардап шеккендер жоқ.


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды